Сергей Морозов UFC-дегі алғашқы жеңісі үшін қанша гонорар алды?

Фото: MMA Junkie

Қазақстандық файтер Сергей Морозов UFC-дегі алғашқы жеңісі үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Қазақстандық файтер Сергей Морозов UFC-дегі алғашқы жеңісі үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

18 шілдеде Морозов судьялардың бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 31-де ливандық неміс файтері Халид Тахуды жеңді.

Thesportsdaily.com ақпараты бойынша, Морозов бұл жекпе-жегі үшін 24 мың доллар алған (жекпе-жек үшін 10 мың доллар, жеңіс үшін 10 мың доллар және жекпе-жектен бір апта бұрын 4 мың доллар сыйақы). Ал Таха 24 500 доллар алды (жекпе-жек үшін 20 мың доллар және жекпе-жектен бір апта бұрын 4 500 доллар).

Реклама
Реклама

Айта кетейік, енді ақтөбелік спортшының есебінде нокаутпен сегіз жеңіс, үш сабмишен және төрешілердің шешімімен алты жеңіс бар. Тахиге келер болсақ, ол UFC-де бесінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіліс тапты. Оның еншісінде тек бір жеңіс бар. 

Бұған дейін Шавкат Рахмоновтың бразилиялық Мишель Празериске қарсы UFC-дегі екінші жекпе-жегінен алған табысы аталған. Рахмонов 28000 доллар алды (жекпе-жек үшін 12000 доллар, жеңіс үшін 12000 доллар және жекпе-жектен бір апта бұрын 4000 доллар сыйақы). Оның қарсыласы 61 000 доллар алды (жекпе-жек үшін 50 000 доллар және жекпе-жектен бір апта бұрын ынталандыру ретінде 11 000 доллар).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама