Серік Сәпиевтің орынбасары кикілжіңге қатысты мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
Серік Сәпиевтің орынбасары кикілжіңге қатысты мәлімдеме жасады Фото: әлеуметтік желіден алынған

Серік Сәпиевпен арадағы даудан кейін орынбасары мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Серік Сәпиевпен арадағы даудан кейін орынбасары мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Джиу-джитсудан әлем чемпионы Дәурен Есімханов бұл туралы Instagram парақшасында жазды.

"Қазір әлеуметтік желілер мен БАҚ-та шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат тарап жатыр. Арандатуға ермей, жағдайды ушықтыруға бағытталған әрекеттерге жол бермеуді сұраймын", - деді ол.

Реклама
Реклама

Мән-жайы

Бұған дейін Қарағандыда бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановқа қатысты жанжал туындағаны хабарланған болатын. Оқиға 21 қаңтарда Қарағандыдағы спорт мектебінің аумағында болғаны айтылған еді.

Ақпаратқа Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, 21 қаңтарда қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал туындаған. 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.

Кейінірек желіде оқиғаның видеосы тарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама