"Іш пыстырарлық" - Головкин "Канело" мен Джейкобстың жекпе-жегі жайлы

Камила Долаева Журналист
© Reuters

Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес пен америкалық Даниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жекке "іш пыстырарлық" деген баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес пен америкалық Даниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жекке "іш пыстырарлық" деген баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгін ерекше ештеңе көрмедім, тек жақсы спарринг-матч. Іш пыстырарлық болды. Жанкүйерлер одан да жақсы жұдырықтасуға лайықты", - деп ол пікірін бөлісті.

Реклама
Реклама

Еске салсақ, WBC және WBA (Super) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес америкалық Дэниэл Джейкобсты жеңіп, оның IBF белбеуін алды.

Бұл Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен кештің басты жекпе-жегі болды. Жұдырықтасу барлық 12 раундқа созылды және нәтиже бойынша төрешілер бір ауыздан жеңісті мексикалық боксшыға берді - 116:112, 115:113, 115:113.

Енді "Канелоға" орта салмақтағы абсолют чемпион атану үшін WBO нұсқасы бойынша белбеу жеңіп алу керек.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама