03 қаңтар 2023 | 15:22

Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі жекпе-жекке қатысты пікір білдірді

UFC

Қазақстандық жартылай орта салмақтағы файтер Шавкат Рахмонов келесі UFC жекпе-жегінде америкалық Джефф Нилмен кездесетінін, ал жекпе-жек 2023 жылғы көктемге ауыстырылатынын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық жартылай орта салмақтағы файтер Шавкат Рахмонов келесі UFC жекпе-жегінде америкалық Джефф Нилмен кездесетінін, ал жекпе-жек 2023 жылғы көктемге ауыстырылатынын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Қарсыластар 14 қаңтарда кездесуі керек еді, бірақ Нил жарақат алып, турнирден бас тартуға мәжбүр болды. Сонымен қатар, кейін Instagram желісіндегі тікелей эфирде Шавкат америкалықпен жекпе-жектің кейінге шегерілгенін хабарлады.

"Джефф Нил жарақат алды. Басқа қарсылас шыға алмады. Құдай қаласа, жекпе-жек наурызға шегерілді", - деді Рахмонов.

Реклама
Реклама

Бұған дейін ресейлік инсайдер Игорь Лазорин Рахмоновқа рейтингі 0-ден төмен адаммен жекпе-жек өткізу тиімсіз екенін хабарлаған. АҚШ-тың тағы бір файтер Брайан Барберена Рахмоновпен жұдырықтасуға ниет білдірген еді.

Еске салайық, Нил жартылай орта салмақтағы файтерлер арасында UFC рейтингінде жетінші, ал Рахмонов оныншы орында тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная