Шавкат Рахмонов UFC рейтингіне кірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Шавкат Рахмонов UFC рейтингіне кірді

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (15-0) алғаш рет жартылай орта салмақта UFC-дегі топ-15 қатарына енді. Оның есімі ұйымның сайтындағы ресми рейтингте пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Жексенбі, 6 ақпанда "Номад" гайаналық Карлстон Харристі (17-5) нокаутқа түсірді. Бұл қазақстандықтың UFC аясында өткен үшінші жекпе-жегі.

Реклама
Реклама

Енді Рахмонов жартылай орта салмақтағы үздік 15 спортшы рейтингін қорытындылап тұр. Бұрын бұл сатыда "Кунг-фу патшасы" деген лақап атпен танымал ресейлік Муслим Салихов болған. 

Бұл жаңалыққа Рахмоновтың өзі де әлеуметтік желіде пікір білдірген.

Еске салайық, Шавкат бұл жекпе-жегі үшін 50 000 доллар көлемінде сыйақы алған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама