25 маусым 2021 | 13:48

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі екінші жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов (13-0) 26 маусымда UFC-де екінші жекпе-жегін өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов (13-0) 26 маусымда UFC-де екінші жекпе-жегін өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның қарсыласы бразилиялық Мишел Празерис болады. Жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Fight Night 190 турнирінде өтеді.

Турнир Нұр-Сұлтан уақытымен 23.00-де басталады. Басты жекпе-жек 27 маусымда түнгі сағат 2-ге жоспарланған. Рахмоновтың жекпе-жегі түнгі 12.30-дан 1.30-ға дейін өтуі мүмікін.

Реклама
Реклама

UFC Fight Night 190 көрсетілімін UFC Fight Pass ақылы сервисінен және UFC ТВ ресми арнасынан көруге болады (Қазақстанда тек tvcom-да көрсетіледі).

39 жастағы Мишел Празерис UFC-дегі соңғы жекпе-жегін 2019 жылы өткізген. Сол кезде төрешілердің бірауызды шешімімен Австриядан келген бразилиялық Исмаил Наурдиевтен жеңіліп қалған.

2019 жылдың наурызында Празерис америкалық USADA допингке қарсы агенттігі тыйым салған анаболикалық препараттарға екі рет сынама тапсырып оң нәтиже көрсеткен. 2021 жылдың наурызында Мишелдің тыйым салынған мерзімі аяқталды.

Рахмоновтың қарсыласы 26 жеңіске жеткен. Сондай-ақ, Мишельдің активінде бір нокаут және төрешілердің шешімімен 14 жеңіс бар. 11-інде қарсыласы берілген.

Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов былтыр қазанда UFC 254 турнирінде дебют жасаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная