ПОДЕЛИТЬСЯ
23 тамыз 2022 | 13:03
Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі жаңа қарсыласы кім болуы мүмкін?
Қазақстандық Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы америкалық Стивен Томпсон болуы мүмкін. Жекпе-жек талқылау деңгейінде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы америкалық Стивен Томпсон болуы мүмкін. Жекпе-жек талқылау деңгейінде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы журналист Ариэль Хельвани MMA Hour бағдарламасының соңғы шығарылымында айтты. Хельвани Томпсон немесе Рахмоновпен жекпе-жекке шығу туралы промоушеннен ресми ұсыныс болған-болмағанын нақтыламады.
Жекпе-жек күні әлі анықталған жоқ, бірақ ол 2022 жылдың аяғына жоспарланған болуы мүмкін. Рахмонов - Томпсон жекпе-жегінің жеңімпазы жартылай орта салмақтағы үздік бестікке кіруге мүмкіндік алады.
Томпсон өткен желтоқсанда Белал Мұхаммедтен жеңілгеннен кейін келесі қарсыласын іздеп жатыр. Ол былтыр Гилберт Бернс пен Мұхаммедтен жеңілгеннен кейін 2022 жылы жекпе-жек өткізген жоқ.
Еске салайық, Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC Vegas 57 турнирінде Рахмонов екінші раундта америкалық Нил Мэгниді қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Осыдан кейін қазақстандық Томпсонды жекпе-жекке шақырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также