Сочи Олимпиадасының 20 ақпан күнгі күнтізбесі

Сочиде өтіп жатқан ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының 20-шы ақпан күнгі күнтізбесі бойынша спортышылар "13 жарыс түрі бойынша 6 медаль түрін сарапқа салмақ" деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz. порталына сілтеме жасап. Бұл жарыстарда Қазақстаннан барған спортшыларымыз өнер көрсетпейді. Бүгін түнгі 23:00-де әйелдер арасында хоккейден АҚШ пен Канада командалары сынға түседі. Сондай-ақ еркін бағдарламада мәнерлеп сырғанау 21:00 де басталады. Таушаңғысы жарысы бойынша шаңғы қоссайысы және фристайл ойындары ойнатылса, әйелдерүшінші орын үшін керлингтен бақ сынамақ. Еске салайық, қазірде Қазақстанның қоржынында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен салған 1 ғана қолда медал бар. Командалық есепте Қазақстан 25 орында тұр. Төменде Сочи Олимпиадасының күнтізбесі: 11:45. Фристайл. Ски-кросс. Ерлер – финал12:00. Шаңғы қоссайысы. Командалық жарыс. Ерлер – финал12:30. Керлинг. Әйелдер. Үшінші орын үшін матч16:00. Хоккей. Әйелдер. Үшінші орын үшін матч17:30. Керлинг. Әйелдер. Финал18:30. Фристайл. Хавпайп. Әйелдер – финал21:00. Мәнерлеп сырғанау. Әйелдер – еркін бағдарлама23:00. Хоккей. Әйелдер. Финал
Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама