04 ақпан 2014 16:20

Солтүстікте Сочи қатысушыларын қолдау шарасы өтті

Олимпиадаға қатысушыларды қолдау

Солтүстікқазақстандықтар Сочи Олимпиадасына қатысатын спортшыларымызды қолдау шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қақаған аязға қарамастан Қарасай стадионына жиналған адамның қарасы көп болды. Спорт сүйер қауымға сөз арнаған облыс әкімі Самат Ескендіров Сочи Олимпиадасына аттанған қызылжарлық конькишілер Дмитрий Бабенко мен Роман Креч және Паралипиадалық ойындарға қатысушы шаңғышылар Қайрат Қанафин мен Елена Мазуренколардан жеңіс күтетінін жеткізді. Спорт ардагері Виктор Бондоренко мен конькиші Татяна Сокирко да қазақстандықтарға Сочиден құр қол қайтпауға тілектестік білдірді. Олимпиадашыларды қолдау шарасы шаңғышылар мен конкишілердің стадионға Олимпиада алауын алып кіруімен басталып, соңы әуесқой шаңғышылар арасындағы шаңғы жарысы мен хоккейшілер арасындағы жолдастық кездесумен аяқталды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram