24 тамыз 2020 | 13:36

"Соңына дейін барамын". Қазақстандық файтер қыздың UFC-дегі жеңілісінен кейінгі мәлімдемесі

UFC©

Қазақстандық спортшы Мария Агапова UFC ұйымындағы Шона Добсонмен өткен кездесуге қатысты пікір білдірді, - деп жазады Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық спортшы Мария Агапова UFC ұйымындағы Шона Добсонмен өткен кездесуге қатысты пікір білдірді, - деп жазады Vesti.kz.

Жеңіл салмақтағы бұл кездесу АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC on ESPN 15 турнирінде өтіп, америкалық спортшының жеңісімен аяқталған еді. Ол екінші раундта қазақстандық спортшының қарқынын басып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл UFC тарихындағы күтпеген нәтижелердің бірі болып тіркелді. Ал кездесуден кейін Агапова бірден емханаға кетті. 

Реклама
Реклама

Агапованың айтуынша, ол Добсонмен өткен бұл кездесуді жеңіліс деп емес, сабақ деп қарайды екен.

"Бұл қызық кеш болды. Мен екінші раундқа дейін расымен жақсы көңіл көтердім. Мен мұны жеңіліс деп есептемеймін. Жеңіліс деп өзіңнің арманыңнан бас тартқан кезді айтуға болады. Мен үшін бұл сабақ. Тәжірибе. Менің жолым енді ғана басталып жатыр. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін барлықтарыңызға рақмет! Мықты болып қайта ораламын. Мен әрдайым соңына дейін барамын", - деп жазды Агапова Instagram желісіндегі парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Mariya Agapova (@mma.mashka) 23 Авг 2020 в 11:33 PDT

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная