Спортшы Дәулет Шабанбайға сот үкімі шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Дәулет Шабанбай. Фото:gov.kz

Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Спортшыға Қылмыстық кодекстің 380-бабы 4-бөлігі 1-тармағы "Екi немесе одан көп адамға қатысты жасалған билік өкілін қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері" бойынша айып тағылды.

15 желтоқсанда сот Дәулет Шабанбайды кінәлі деп тапты. Оған үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Реклама
Реклама

©️ Tengrinews.kz

Сот талқылауы барысында биыл қыркүйекте ер адамның мас күйде Ұлттық ұланның үш әскери қызметшісіне шабуыл жасағаны белгілі болды. Әскери қызметшілер кешкі уақытта ер адамды тоқтатып, шағым түсуіне байланысты ескерту жасаған. Осыдан кейін жанжал туындаған.

Спортшы әскери қызметшілердің бірін итеріп жіберіп, аяғымен тепкен, кейін жасақ басшысын бетінен ұрып, одан соң үшінші сарбаздың көзінен ұрған.

Еске салайық, бұған дейін Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбай сот алдында жауап беріп жатқаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама