01 қазан 2021 | 17:26

Спортшылар мен бапкерлерге өмір бойына төленетін ақы төрт есе көбеюі мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Қазақстанда Олимпиада жүлдегерлері мен әлем чемпиондарына, сондай-ақ олардың бапкеріне өмір бойына ай сайын төленетін ақыны ұлғайту ұсынылды. Өзгерістерді Мәдениет және спорт министрлігі қоғамдық талқылауға ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда Олимпиада жүлдегерлері мен әлем чемпиондарына, сондай-ақ олардың бапкеріне өмір бойына ай сайын төленетін ақыны ұлғайту ұсынылды. Өзгерістерді Мәдениет және спорт министрлігі қоғамдық талқылауға ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне, олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған спортшыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды 100 АЕК-ке (2021 жылы 291 700 теңге) дейін арттыру ұсынылды.

Бұл спортшыларды дайындаған бапкерлерге 100 АЕК мөлшерінде төлем тағайындау жоспарланған.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта спортшылар мен жаттықтырушыларға 24 АЕК төленеді - 2021 жылы 70 008 теңге.

Жоспарланған өзгерістер Президент жолдауын іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес дайындалған.

Сондай-ақ, негіздемеде "жоғары спорттық нәтижелерге қолжеткізу үшін спортшының, жаттықтырушының мәртебесін арттыру және әлемдік тәжірибені ескере отырып, материалдық қамтамасыз ету қажет" деп көрсетіледі. Мысал ретінде Ресей тәжірибесі келтіріледі, онда спортшылар мен жаттықтырушыларға 60 мың рубльден төлейді, бұл Қазақстан валютасымен есептегенде шамамен 352 000 теңге.

Үкімет қаулысының жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланған. Қоғамдық талқылау 14 қазанға дейін жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная