ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 16 шілде 2015 10:23
Штанга көтеріп есінен танған зілтемірші қыз күміс медаль алды
Торонтодағы Пан Американ ойындары кезінде Венесуэланың 20 жастағы зілтеміршісі Дженезис Родригес Гомес оқыс оқиғаның құрбаны бола жаздады, - деп хабарлайды Vesti.kz "Евроспорт" басылымына сілтеме жасап.
Порталдың мәліметінше, қыз өз салмағынан екі есе ауыр штанганы көтермекші болған, бірақ ағзасы ол салмаққа төтеп бере алмады. Гоместің салмағы - 53 келі, ол 106 келі штанганы көтеріп, есінен танып құлап қалды.
"Бақытына орай жарақат алған жоқ. Есін жиғаннан кейін қыз турнирді жалғастырды, сонымен қатар, 109 келі штанганы көтеріп күміс медаль алды", - делінген жарияланымда.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу