Сүйінші! Қазақстан қоржынына Универсиаданың үшінші алтын жүлдесі түсті

© almaty2017.com

Алматыда ?тіп жат?ан 28-ші ?ыс?ы Универсиада ойындарында ?аза?стан ??рамасыны? ?оржынына ?шінші алтын ж?лде т?сті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтын жүлде түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Үшінші алтын жүлдені биатлоншы бұрымдымыз Галина Вишневская алып берді. Ол 7,5 шақырымға спринт сайысында сынға түсіп, үздік шықты. Бұл қашықтықта отандасымыз 21 минут, 43,1 секунд уақыт көрсеткішіне ие болды.

Еске сала кетейік, бұл Вишневскаяның екінші жүлдесі. Бұған дейін спортшымыз 15 шақырымға жекелей сынға түсіп, тек Алина Райкованы алға жіберіп, күміс жүлде алған еді.

Реклама
Реклама

Бұл Қазақстан құрамасы үшін Универсиада ойындарындағы үшінші алтын жүлдесі. Осылайша, біздің құрама қазіргі уақытта командалық есепте қайта екінші орынға шықты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама