ПОДЕЛИТЬСЯ
- Главная
- 19 наурыз 2014, 17:32
Таэквондошыларымыз жауынгерлік рухтарымен көзге түсіп жүр
Бүгін Тайпейде таэквондодан маңызды турнир басталды. Онда тамыз айында өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салынады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының Қытайдың Нанкин қаласында өтетіндігін жариялағанбыз. Осы дүбірлі доданың жолдамалары Тайпейде сарапқа салынады. ҚР таэквондо федерациясының баспасөз қызметі бұл турнирге еліміздің жасөспірімдер құрамасы мына қыз-жігіттерімізді үкілеп қосатындығын жариялады:Бозбалалар:Ғалымжан Серікбай, 48 келі с/д;Абзал Кәрішал, 63 келі с/д;Еркебұлан Әбілқас, 73 келі с/д.Бойжеткендер:Нұрилә Убайдулла, 44 келі с/д;Жазира Сапарбек, 49 келі с/д;Ғания Әлзақ, 63 келі с/д.Бапкерлер құрамы өз шәкірттеріне ерекше сенім артып отыр. Ал отандық таэквондо федерациясының басшылары "болашақта осы спорт түріндегі ұл-қыздарымыз да ел намысын абыроймен қорғайды" деп сенеді. Бұл ретте ҚР таэквондо федерациясының президенті Вячеслав Ким былай дейді:– Қазақстан спортшылары бокс және күрес сынды жекпе-жек түрлерінде тұрақты беделге ие болды. Мен қазақстандықтар атой салатын келесі жекпе-жек түрі таэквондо болатындығына кәміл сенемін. Бүкіләлемдік таэквондо федерациясы басшыларының өздері біздің спортшылардың жауынгерлік рухтарына, жеңіске деген қайсарлықтарына және тамаша техникаларына қазірден тәнті болып жүр. Мен біздің спортшыларға сәттілік және жеңіс тілеймін.Іле-шала, яғни 23-26 наурыз күндері дәл осы Тайпейде екі жылда бір ұйымдастырылатын жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Бүкіләлемдік біріншілікке Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 20 таэквондошымызды қосады:Бозбалалар:45 келі: Бекарыс Маратұлы 48 келі: Артур Ким (2013 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері)51 келі: Сағдат Жолдасбаев55 келі: Азамат Үсейінов59 келі: Нұрғиса Жолдас63 келі: Ринат Қуанышбаев68 келі: Магомед Башир Цечеев73 келі: Сұлтан Қалибекұлы78 келі: Рахым Әділхан+ 78 келі: Саян Мәулетханов (2013 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері)Бойжеткендер42 келі: Динара Әбдіржан44 келі: Нұрилә Убайдулла46 келі: Тойжан Қыдырбекова49 келі: Аяулым Сұлтанбаева52 келі: Айнұр Есбергенова55 келі: Анастасия Островская59 келі: Гүлжайна Мұхтарова63 келі: Әсел Қойлыбай68 келі: Мәдина Қайыржанова+ 68 келі: Айгүл ЕлубайҚазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушылары Бақытжан Райбеков пен Мырзағали Сұранов осы екі маңызды сынға таэквондошыларымызды мейілінше дайындады. Дайындық жұмыстары үш кезеңге бөлініп өткізілді.9-28 қаңтар аралығында "Медеу" мұзайдынындағы спорт кешенде жаттықса, одан кейін таэквондоның отаны Оңтүстік Кореяға барып, Сеулде 4-18 ақпан аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізді.Одан кейін 20-22 ақпан аралығында "Фуджэйра Оупен" турниріне қатысып, бақтарын сынады. Ондағы көрсеткіштері жаман болған жоқ, жас жеткіншектеріміз сегіз жүлде олжалады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии