Исландиялық спортшы әрі актер Хафтор Бьернссон Strongman 2019 Classic сайысында әлемдік рекорд орнатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ABCNews-ке сілтеме жасап.
Сайыс Колумбуста (Огайо штаты) өтті. 30 жастағы Бьернссон 474 келі зілтемірді көтерді.
Instagram желісіндегі парақшасында актер әрі спортшы жанкүйерлерге алғысын айтып, жарты тонна салмақты көтере алмағанына өкініш білдірді.
Pretty casual new WR Elephant Bar Deadlift 474kg/1044.9lbs Very happy with day 1 here at The Arnold Strongman Classic even though 501 will have to wait for another day. Looking forward to day 2. I appreciate all the support guys, thank you! @roguefitness @nuunhydration @sbdapparel @legionath @stanefferding @theverticaldiet @australianstrengthcoach @stefansolvi @andrireyr @kelc33 @dianahrund @bjornthorr @ragnheidurmj @valthecoach
Публикация от Hafþór Júlíus Björnsson (@thorbjornsson) 1 Мар 2019 в 3:30 PST
Бұл сайыстың негізін салушы Арнольд Шварценеггер Бьернссонды осы жетістігімен құттақтап, оған 72 мың доллар көлемінде қаржылай жүлде берді.
Былтыр мамырда World's Strongest Man 2018 турнирінде исландиялық актер әлемнің ең мықты адамы титулын алған болатын. Сол кезде 472 келіні еңсерген еді.
Айта кетейік, Хафтор Бьернссон әлемге әйгілі "Игра престолов" сериалында Григор Клиган рөлінде ойнаған болатын.