27 маусым 2023 | 10:58

Танымал қазақстандық ауыратлет Владимир Седов өзіне қол жұмсады

Фото: wfrk.kz

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы қазақстандық Владимир Седов өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tengri Sport Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы қазақстандық Владимир Седов өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tengri Sport Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"35 жастағы зілтеміршінің денесі Қаратал ауданы Достық ауылында тұрғылықты жерінен табылды. Оның денесінен зорлық-зомбылықпен өлу белгілері табылмады. Туыстарының айғақтарына қарағанда, ер адам өзіне қол жұмсаған. Қазіргі уақытта өзіне қол жұмсау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі аудандық полиция басшылығы бақылауға алынды", - делінген хабарламада.

Владимир Седов – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қатысушысы, Қазақстан Республикасының төрт дүркін чемпионы, 2010 жылғы Қазақстан чемпионатының рекордсмені. Сәтті өнер көрсеткені үшін "Құрмет" орденімен марапатталған.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная