"Тақтар ойыны" сериалының жұлдызы тағы да әлемнің ең мықты адамы болды

Фото: instagram.com/thorbjornsson

Исландиялық спортшы әрі актер Хафтор Бьернссон Strongman 2019 Classic сайысында әлемдік рекорд орнатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ABCNews-ке сілтеме жасап.

Исландиялық спортшы әрі актер Хафтор Бьернссон Strongman 2019 Classic сайысында әлемдік рекорд орнатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ABCNews-ке сілтеме жасап.

Сайыс Колумбуста (Огайо штаты) өтті. 30 жастағы Бьернссон 474 келі зілтемірді көтерді.

Instagram желісіндегі парақшасында актер әрі спортшы жанкүйерлерге алғысын айтып, жарты тонна салмақты көтере алмағанына өкініш білдірді.

Реклама
Реклама

Бұл сайыстың негізін салушы Арнольд Шварценеггер Бьернссонды осы жетістігімен құттақтап, оған 72 мың доллар көлемінде қаржылай жүлде берді.

Былтыр мамырда World's Strongest Man 2018 турнирінде исландиялық актер әлемнің ең мықты адамы титулын алған болатын. Сол кезде 472 келіні еңсерген еді.

Айта кетейік, Хафтор Бьернссон әлемге әйгілі "Игра престолов" сериалында Григор Клиган рөлінде ойнаған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама