Тараздық палуан қазақша күресте тың әдіс ойлап тапты

Видео кадры

?аза?ша к?рестен Таразда ?ткен жарыста палуан астаналы? ?арсыласын ерекше ?діспен жы?ты. Спортшы жаса?ан ерекше ?дісті? видеосы ?леуметтік желілерде пайда болды. Жазбадан к?рерменні? шебер ?діске ?ошемет к?рсеткені естіледі.

Қазақша күрестен Таразда өткен жарыста палуан астаналық қарсыласын ерекше әдіспен жықты. Спортшы жасаған ерекше әдістің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Жазбадан көрерменнің шебер әдіске қошемет көрсеткені естіледі.

Tengrinews.kz тілшісі палуанмен сұхбаттасты. Оның есімі Гарипуллаев Бахтан екен. Ол 22 жаста, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күреседі. Ол Қазақстан чемпионы және спорт шебері екен. "Қазақша күреспен 5 жастан бастап айналысып келемін. Видеодағы күресім Федерация Кубогының үшінші орнына таласқан кез еді. Жарыстарда бұл әдісті тұңғыш рет қолдандым. Оның бір атауы жоқ, бірақ ұзақ уақыт жаттықтым. Бұл әдісті жасағанда бастысы қарсыласыңа сездірмеу - күтпеген жерден жасау керек", - деді палуан.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, биыл наурызда Алматыда қазақша күрестен жарыс өтеді. Бахтан оған қатысып, осы әдісін қайталап көрмекші екен.

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама