15 қыркүйек 2021 | 09:24

Ташкентте дзюдодан әлем чемпионы досының қолынан қаза тапты

© nuz.uz

Атақты спортшы, дзюдодан және кураш деп аталатын ұлттық күрестен әлем чемпионы Камолиддин Расулов ​​Ташкентте қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өзбекстандық БАҚ-қа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атақты спортшы, дзюдодан және кураш деп аталатын ұлттық күрестен әлем чемпионы Камолиддин Расулов ​​Ташкентте қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өзбекстандық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 13 қыркүйекте болған. 29 жастағы спортшыға танысы асүй пышағымен денесінің әр жерінен соққы жасаған, салдарынан дзюдошы қаза болды.

Өзбекстан Бас прокуратурасының мәліметінше, спортшы бұрын досына Humo Trop дәрумендерін сатқан, оны қолданғаннан кейін досының денсаулығы нашарлаған. Кейін ер адамдар арасында жанжал шыққан. 

Реклама
Реклама

"Азамат Ш. Т. Камоллидин Расуловқа телефон соғып, Учтепа ауданының 14-кварталында кездесуді ұсынысады, онда ер адамдар арасында жанжал болып, Камолиддин Расулов қаза тапты", - делінген ведомство хабарламасында.

Күдікті ұсталды. Оған қатысты "Қасақана адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған, ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Мәлім болғандай, ұсталған адам да спортшы, атап айтқанда ол - дзюдо мен ұлттық күрестен Өзбекстан чемпионы, сондай-ақ кураштан өзбекстандық алғашқы әлем чемпионы Тоштемир Мұхаммадиевтің жиені.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная