ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 24 сәуір 2014 20:06
Татьяна Аманжол – үш дүркін Азия чемпионы
Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында ел қоржынына тағы бір алтын түсті. Бұл жолы құрлық чемпионы атанған – Татьяна Аманжол, - деп сүйінші сұрайды Tengrinews.kz.
Әйелдер арасындағы еркін күрестен 48 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Татьяна Аманжол финалда Моңғолия қызы Нарангерель Ерденесухпен белдесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Негізінен, қарсыласының шабуылын күтіп, қарсы айла-тәсіл қолдануға тырысқан Татьяна өз жанкүйерлеріміздің алдында жанына батқан жарақатына қарамай, сенімді ақтап шықты.
Тәжірибелі балуан қызымыз бұған дейін 2009 және 2013 жылдары Азия чемпионы атанған. Бұл – оның Сарықұрлықта үшінші рет топ жаруы.
Ол бұған дейін әуелі Қытай қызы Ян Лиден 5:1 есебімен басым түсіп, жартылай финалда Жапония аруы Анна Ивамурені 5:0 есебімен жеңген болатын.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу