Таушаңғышы жарыс кезінде құздан құлап кетті

видеодан үзінді

Ресейлік тауша??ышы Иван Малахов австриялы? Фибербрун ?аласында Freeride World Tour фрирайдтан ?ткен жарыс барысында ??здан ??лап кетті. ?зіні? ??ла?ан с?тіндегі видеоны спортшы YouTube желісінде жарияла?ан, - деп хабарлайды "360" телеарнасы. 

Ресейлік таушаңғышы Иван Малахов австриялық Фибербрун қаласында Freeride World Tour фрирайдтан өткен жарыс барысында құздан құлап кетті. Өзінің құлаған сәтіндегі видеоны спортшы YouTube желісінде жариялаған, - деп хабарлайды "360" телеарнасы. 

Спортшының айтуынша, бұл спорттық мансабындағы ең ауыр құлауы болып саналады екен. Ресейлік спортшының құлаған сәтін әуедегі камераларда түсәіріп алған. Видеода ресейлік спортшының жарысты сәтті бастағаны көрінеді, алайда бір сәтте ол тайып кетіп, төмен қарай құлайды. Басында тек қарға ғана соғысқан, төмен түсе келе ол тасқа да соқтығысады. Спортшының құлаған жеріне құтқарушылар келіп, оны медициналық мекемеге жеткізген. 

"Бірнеше күннен кейін видеоны қарадым, мен ойлағанннан да қорқынышты екен... Қазіргші уақытта өзімді жақсы сезінемін, бірақ сырғанауды жоспарламаймын", - деп жазды спортшы. 

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта спортшы Аляскада ем алып жатыр. Айта кетейік, фрирайд - сноубордпен немесе тау шаңғысымен дайындалмаған жолдарда сырғанау жарысы. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама