Тхэквондошы Руслан Жапаров Токио Олимпиадасының ширек финалына шықты

Тхэквондошы Руслан Жапаров Токио Олимпиадасының ширек финалына шықты Фото: olympic.kz

Қазақстандық тхэквондошы Руслан Жапаров Токио Олимпиадасында ширек финалға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық тхэквондошы Руслан Жапаров Токио Олимпиадасында ширек финалға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

81 келіден жоғары салмақта өнер көрсетіп жатқан Жапаров екінші кезеңде германиялық Александр Бахманнмен күш сынасты. Қазақстандық тхэквандошы қарсыласын 11:7 есебімен жеңді. 

Енді ширек финалда Жапаров Оңтүстік Корея спортшысы Ке Дон Инмен кездеседі. 

Жарнама
Жарнама

25 жастағы Руслан Жапаров Таразда туған. 2018 жылы Азия ойындарында қола, Азия чемпионатында күміс медаль иеленген. 2016 жылғы Рио Олимпиадасында 1/8 финалда, кейін жұбаныш жекпе-жегінде жеңіліп қалған. 

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама