Тоқаев Паралимпиада-2022 ойындарының жүлдегері Александр Герлицті құттықтады

Фото: Instagram/tokayev_online

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада-2022 ойындарының қола жүлдегері Александр Герлицті құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада-2022 ойындарының қола жүлдегері Александр Герлицті құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншы Александр Герлиц 10 шақырымдық жарыста қола жүлдеге ие болды. Бұл - Қазақстанның алғашқы медалі. Александрды шын жүректен құттықтаймын және спортта бұдан әрі қарай табысты болуына тілектеспін", - деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Twitter-парақшасында. 

Айта кетейік, Александр Герлиц Қазақстан құрамасының алғашқы медальын жеңді. Жарыс Чжанцзякоу қаласының ұлттық биатлон орталығында (ҚХР, Хэйбэй провинциясы) өтіп жатыр. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама