05 қыркүйек 2024 | 08:54

Тоқаев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Дегтяревті құттықтады

Фото: instagram.com/turizm_sport_ministrligi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Давид Дегтяревті Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Ол ерекше ерік-жігер танытып, жеңіс тұғырынан көрінді", – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында.

Реклама
Реклама

Еске салайық, XVII жазғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық Давид Дегтярев парапауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған болатын. Финалда спортшы үздік нәтижемен үш талпыныс жасады, ең үздігі 188 келі (қалған екі талпыныс 185 және 186).

Айта кетейік, Дегтярев Паралимпиададағы екінші алтынын жеңіп алды. Ол 2020 жылы Токиода өткен ойындарда да жеңіске жеткен еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Жаңа министр ант қабылдады