04 тамыз 2021 | 08:48

Токио Олимпиадасы: балуан Нұрислам Санаев алғашқы қарсыласын сенімді жеңді

Фото: Жеңіс Ысқабай / olympic.kz

Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының еркін күрес жарысында алғашқы қарсыласын жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының еркін күрес жарысында алғашқы қарсыласын жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

57 келіге дейінгі салмақта Санаев 1/8 финалда Гвинея-Бисау өкілі Диамантино Юна Фафемен белдескен. Қазақстандық балуан 7:0 есебімен жеңді. 

Енді ширек финалда Санаев жапониялық Юки Такахасимен кездеседі. 

Реклама
Реклама

30 жастағы Санаев Ресейдің Чадан қаласында туған. 2014 жылы Қазақстан азаматтығын алып, Ақтөбе облысы атынан өнер көрсете бастады. 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысып, алғашқы жекпе-жегінде жеңілген. Кейін жұбаныш жекпе-жегіне шығып, тағы да қарсыласына жол берген еді. 

Артынша 2017 жылғы әлем чемпионатында күміс, 2019 жылы қола медаль алған. 2018 жылы Азия чемпионы атанған.

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная