Токио Олимпиадасы: гимнаст Милад Карими көпсайыста жүлдеге іліге алмады

Токио Олимпиадасы: гимнаст Милад Карими көпсайыста жүлдеге іліге алмады Фото: Сали Сәбіров / olympic.kz

Қазақстандық Милад Карими Токио Олимпиадасында спорттық гимнастиканың көпсайыс жарысында 14-орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық Милад Карими Токио Олимпиадасында спорттық гимнастиканың көпсайыс жарысында 14-орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Карими финалда 82.530 ұпай жинап, 14-орынға тұрақтады. Финалда 24 спортшы бақ сынаған болатын. 

Енді қазақстандық гимнаст Токио Олимпиадасының тағы екі финалында сынға түседі. 1 тамызда еркін жаттығудан финал өтсе, гимнастикалық кермедегі финал 3 тамызға жоспарланған. 

Жарнама
Жарнама

22 жастағы Милад Карими - Алматы қаласының тумасы. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.  

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама