03 тамыз 2021 | 16:49

Токио Олимпиадасы: гимнаст Милад Карими үшінші финалында соңғы орын алды

Фото: Тұрар Қазанғапов / Olympic.kz

Қазақстандық Милад Карими Токио Олимпиадасында спорттық гимнастиканың керме жарысында соңғы орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық Милад Карими Токио Олимпиадасында спорттық гимнастиканың керме жарысында соңғы орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Карими финалда бірінші болып жаттығуын көрсетті, бірақ қазақстандық гимнаст кермеден екі рет құлап қалды. Салдарынан 11,266 ұпай жинап, соңғы, сегізінші орын алды. 

Айта кетейік, Милад Карими бұған дейін 2020 жылғы Олимпиаданың екі финалында өнер көрсеткен. Көпсайыс жарысында 14-орын алса, еркін жаттығу сайысында 5-орын иеленген еді. 

Реклама
Реклама

22 жастағы Милад Карими - Алматы қаласының тумасы. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.  

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная