Токио Олимпиадасы: Жансель Дениз әлемнің үш дүркін чемпионынан жеңілді

Фото: Сали Сәбіров / olympic.kz

Қазақстандық Жансель Дениз 2020 жылғы Олимпиада ойындарының тхэквондо жарысында ширек финалда сүрінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық Жансель Дениз 2020 жылғы Олимпиада ойындарының тхэквондо жарысында ширек финалда сүрінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

67 келіде сынға түскен Дениз алғашқы кезеңде өзбекстандық Светлана Осипованы 10:9 есебімен жеңген. Кейін ширек финалда әлемнің үш дүркін чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері ұлыбританиялық Бианка Уокденмен кездесті. Бұл жекпе-жекте Дениз қарсыласына 7:17 есебімен жол берді. 

Жансель Дениз Степногорск қаласында туған. Кейін ата-анасы Түркияға қоныс аударып, спортшы сол елдің намысын қорғаған. Артынша Дениз Қазақстанға көшіп келген. Спортшы 2016 жылғы Рио Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғады, бірақ алғашқы кезеңнен өте алмаған еді.   

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама