Токио Олимпиадасы: каратэші Данияр Юлдашев жүлдесіз қалды

Токио Олимпиадасы: каратэші Данияр Юлдашев жүлдесіз қалды Фото: Тұрар Қазанғапов / olympic.kz

Қазақстандық каратэші Данияр Юлдашев Токио Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық каратэші Данияр Юлдашев Токио Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

75 келіден жоғары салмақта сынға түскен Юлдашев алғашқы жекпе-жегінде германиялық Йонатан Хорнемен тең түсті - 4:4. Бірақ кейін жапон Рютаро Арагаға 2:4 есебімен жол берді. 

Үшінші кездесуінде түркиялық Угур Акташпен күш сынасып, 3:11 есебімен жеңіліп қалды. 

Жарнама
Жарнама

Ал топтық кезеңнің соңғы жекпе-жегінде Юлдашев грузиялық Гогита Арканияға 1:3 есебімен есе жіберді. 

Осылайша, Данияр Юлдашев Олимпиаданың топтық кезеңіне шыға алмай, жүлде алатын мүмкіндіктен айырылды. 

Бұған дейін қазақстандық тағы бір каратэші Софья Берульцева жартылай финалға шыққан болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама