01 тамыз 2021 10:07

Токио Олимпиадасы: Мейрамбек Айнағұлов қарсыласынан жеңіліп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық Мейрамбек Айнағұлов 2020 жылғы Олимпиадада грек-рим күресінен турнирде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Мейрамбек Айнағұлов 2020 жылғы Олимпиадада грек-рим күресінен турнирде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Алғашқы жекпе-жекте Айнағұлов қырғызстандық Жоламан Шаршенбековпен кездесті. Белдесу бастапқы кезеңде аяқталды, қарсылас 8:0 есебімен алға шықты.

Olympic.kz мәліметінше, Мейрамбектің жарысқа қатысу мүмкіндігі әлі де сақталған. Финалға оның қарсыласы Шаршенбеков шыққан жағдайда қазақстандық тағы бір раундта өнер көрсету мүмкіндігі бар.

Реклама
Реклама

Сурет: olympic.kz

Айта кетейік, Айнағулов әлем чемпионатының жүлдегері. Шаршенбеков 2018 жылы әлем біріншілігінде екінші болған.

Бұған дейін Эльмира Сыздықова (76 келіге дейін) қырғызстандық Айпери Медетқызынан жеңіліп қалған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram