Токио Олимпиадасы: Милад Карими қатысатын финалды қайдан көруге болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Милад Карими. Фото: Владислав Семенов. Olympic.kz©

Бүгін, 1 тамызда Токио Олимпиадасында спорттық гимнастикадан өтетін турнирде қазақстандық Милад Карими бақ сынайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Бүгін, 1 тамызда Токио Олимпиадасында спорттық гимнастикадан өтетін турнирде қазақстандық Милад Карими бақ сынайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Қазақстандық Карими қатысатын финалдық турнир Мәскеу уақытымен 14:00-де басталады. Оның өнерін Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Сонымен қатар, сағат 13:55-те "Хабар" телеарнасында бокс турнирінің көрсетілімі басталады, онда екі қазақстандық өнер көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.

Реклама
Реклама

Әбілхан Аманқұлдың 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша ширек финалдадағы бразилиялық Эберт Соузамен жекпе-жегі сағат 15:18-де басталады.

Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев ауыр салмақта жартылай финалға шығу үшін ресейлік Иван Верясовқа қарсы жекпе-жекке шығады. Басталуы сағат 16:24-те.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама