Токио Олимпиадасы: Татьяна Аманжол алғашқы қарсыласын жеңе алмады

Токио Олимпиадасы: Татьяна Аманжол алғашқы қарсыласын жеңе алмады Фото: Сали Сәбіров / olympic.kz

Қазақстандық балуан Татьяна Аманжол Токио Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық балуан Татьяна Аманжол Токио Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

53 келіге дейінгі салмақта Татьяна Аманжол польшалық Роксана Засинамен кездесіп, 2:3 есебімен жеңіліп қалды. 

Бұған дейін әйелдер күресінен Эльмира Сыздықова да алғашқы кезеңнен өте алмаған еді. 

Жарнама
Жарнама

35 жастағы тәжірибелі Татьяна Аманжол Алматыда дүниеге келген. Азияның төрт дүркін чемпионы. 2008 жылы Бейжің Олимпиадасына қатысып, 5-орын алған. 

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Ал кеше боксшы Қамшыбек Қоңқабаев та жартылай финалда жеңіліп, қола жүлде алған еді.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама