Токио Олимпиадасында алғашқы жарыс басталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Токио Олимпиадасында алғашқы жарыс басталды Фото: Jorge Silva / Reuters

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары аясында алғашқы жарыс басталды. Софтболдан Жапонияның әйелдер құрамы Аустралияны айқын басымдықпен жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметі бойынша, кездесу нәтижесі 8:1 есебімен аяқталған. Софтбол бәсекелері 21-27 шілде аралығында өтеді. Алты әйелдер командасы бір жүлде жиынтығын сарапқа салады. Ал ерлер бейсболда бақ сынайды. 

Софтбол - бейсболдың бір түрі. Бұл спорт Олимпиада ойындарының бағдарламасына сирек енеді. Соңғы рет Олимпиада аясында 2008 жылы өткен.

Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ, бүгін әйелдер командасы арасында футбол бәсекесі де басталады. 

Токио Олимпиадасының ашылу салтанаты 23 шілдеге жоспарланған. Алайда жарыстар ашылу салтанатынан бұрын бастала береді. Бұл, әсіресе, командалық ойын түрлеріне тікелей қатысты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама