20 тамыз 2021 | 17:04

Токио Олимпиадасының тағы екі жүлдегері сыйақысын қайырымдылыққа жұмсамақ

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Қазақстандық ауыр атлеттер Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон мемлекеттен берілген сыйақысын қайырымдылыққа аударады. Бұл туралы Ауыр атлетика федерациясы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық ауыр атлеттер Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон мемлекеттен берілген сыйақысын қайырымдылыққа аударады. Бұл туралы Ауыр атлетика федерациясы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Үшінші орын иеленген екі спортшы 75 мың доллардан алуы керек.

"Баршаңызға, федерацияға, Жанат Рашидовичке, ҰОК, мемлекетімізге қолдау көрсеткені және құттықтағаны үшін алғыс айтқым келеді. Жарыс алаңына шыққанда өзіңді қалай жеңуге болатынын, барынша жақсы өнер көрсету туралы ғана ойлайсың. Сол сәтте марапаттар туралы ойламайсыз. Сондықтан, біз қайтып келгенде бізді осылай құрметтейтініне екі есе қуаныштымын!

Олимпиадалық құрамадағы ағаларымыз өз жүлделерін қайырымдылыққа беріп, жақсы үлгі көрсетті. Бізді - Олимпиада жүлдегерлерін мемлекет, Федерация, өңір жақсы қолдайды. Бұл - керемет! Бірақ, біз бұл құралдарға ерекше мұқтаж адамдар бар екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан мен де Ауыр атлетика федерациясының қолдауымен өз жүлделерімді игі мақсаттарға жұмсаймын", - деді Чиншанло.

Реклама
Реклама

Игорь Сон да сыйақысын Алматы облысында мұқтаж жандарды қолдау үшін жұмсайтынын айтты.

"Мен өзім Үштөбе шағын қаласынанмын, менің жолымды өңірлерден келген ұлдар мен қыздардың қайталауын қалаймын. Сондықтан біздің федерацияның көмегімен өз сыйақымды өз өңірімдегі мұқтаж жандарды қолдауға жұмсаймын", - деді Сон.

Сонымен қатар, Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон федерациядан жаңа Toyota Camry көлігін сыйға алды.

Еске салайық, Игорь Сон 61 келіге дейінгі салмақта қола жүлде иеленсе, Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақта үшінші болды.

Бұған дейін боксшылар Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаев, сондай-ақ балуан Нұрислам Санаев өз сыйақысын қайырымдылыққа жіберетінін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная