ПОДЕЛИТЬСЯ
20 тамыз 2021 | 15:13
Токиода өтетін Паралимпиада ойындарына Қазақстан атынан кімдер қатысады?
Паралимпиада ойындары Токиода 24 тамызда басталады. Жарысқа Қазақстанның атынан спорттың жеті түрінен 25 спортшы қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылмына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Паралимпиада ойындары Токиода 24 тамызда басталады. Жарысқа Қазақстанның атынан спорттың жеті түрінен 25 спортшы қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылмына сілтеме жасап.
Токиода өтетін Паралимпиада ойындарының спорттық бағдарламасына өзгерістер енгізілген. Биыл алғаш рет тхэквондо мен бадминтон жарыстары өтеді. Сондай-ақ, ескек есуден де жаңа түрлері қосылған.
Қазақстанның атынан Паралимпиадаға 25 спортшы қатысады, олар жеті спорт түрінен жүлде үшін таласады. Біздің спортшылар алғаш рет параканоэ және паралимпиадалық оқ атудан лицензия жеңіп алды.
- Нұрдәулет Жұмағали (S13. 50 метр фристайл, 200 метр кешенді жүзу, 100 метр брасс әдісімен жүзу);
- Нұрәлі Советқанов (SВ13. 100 метрге брасс әдісімен жүзу);
- Сиязбек Далиев (S5. 50 метр фристайл, 50 метр арқамен жүзу, 50 метр баттерфляй);
- Ержан Сәлімгереев (S6. 100 метр фристайл, 50 метр баттерфляй);
- Зульфия Габидулина (S4. 50 метр фристайл, 50 метр арқамен, 150 метр кешенді жүзу);
- Роман Агалаков (S13. 50 метр фристайл, 100 метр баттерфляй);
- Әлия Рахымбекова (S12. 100 метр брасс әдісімен, 100 метр арқамен жүзу, 100 метр фристайл).
Жеңіл атлетикадан:
- Дастан Мұқашбеков (F36. Ату);
- Салтанат Әбілқасымқызы (Т35. 100 және 200 метрге жүгіру).
Дзюдодан:
- Жанбота Аманжол (90 келі);
- Зарина Байбатина (70 келіден жоғары);
- Теміржан Дәулет (73 келі);
- Даяна Федосова (57 келі);
- Әнуар Сариев (60 келі);
- Ғалымжан Смағұлұлы (81 келі).
Каноэдан:
- Бибарыс Спатай (KL2);
Тхэквондодан:
- Нұрлан Домбаев (75 келі);
- Нышан Өмірали (75 келіден жоғары);
- Камила Досмалова (58 келі).
Пауэрлифтингтан:
- Давид Дегтярев (54 келі);
- Раушан Қойшыбаева (67 келі);
- Рахмеджан Хамаев (88 келі);
- Гүлбан Әбдіхалықова (50 келі);
- Алина Солодухина (45 келі).
Оқ атудан:
Айсұлу Жұмабаева (Ш1. Пистолеттен ату, 10 метр).
Жүзу 25 тамызда басталады. Пауэрлифтинг бойынша медальдар ойыны 26-30 тамыз аралығында өтеді. Дзюдодан жарыс үш күнге созылады: 27-29 тамыз. Каноэ бойынша жарыс 2 қыркүйекте өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также