Төрт палуан допинг қолданғаны үшін "Қазақстан Барысы" турнирінен шеттетілді

© prosportkz.kz / Семен Неверов

Қазақ күресі федерациясының өкілі Тастанбек Есентаев төрт қатысушының мельдоний қолданғаны үшін "Қазақстан Барысы" турнирінен шеттетілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Біздің спортшылар халықаралық деңгейге шығу үшін WADA тексерісінен өтеді. Өкінішке қарай, "Қазақстан барысы" турнирінің төрт қатысушысы мельдоний қолданған. Олар жарыстардан шеттетілді", - деп хабарлады Тастанбек Есентаев.

Осылайша, Мереке Тұраев, Александр Косачев, Айбек Нұғымаров және Самир Мамедов жарыстардан шеттетілді. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" республикалық турнирінің финалы Астанада 3 шілдеде өтеді. Жеңімпаз 150 мың доллар алады және чемпион белбеуін тағып, "Тайтұяқ" жүлдесін алады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама