ПОДЕЛИТЬСЯ
02 тамыз 2022 | 21:44
Түркістан облысының полицейі қол күрестен әлем чемпионатында жеңіске жетті
Шілдеде Нидерланд мемлекетінің Роттердам қаласында полицейлер мен өртсөндірушілер арасында спорттық жарыс өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шілдеде Нидерланд мемлекетінің Роттердам қаласында полицейлер мен өртсөндірушілер арасында спорттық жарыс өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жарысқа 97 мемлекеттен мықтылар қатысқан. Соның ішінде Түркістан облысы ПД, Жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұрқанат Өтешов те қатысқан.
"Спортшы, полиция аға лейтенанты Нұрқанат 90 келі салмақта армрестлинг бойынша күш сынап, берілген санаулы уақыт ішінде қарсыластарынан айла-тәсілін асырып, жеңіске жетті. Ол оң қолымен 5 қарсыласымен күресіп, бесеуін де жеңіп, алтын иеленді. Сол қолымен жүлделі ІІ орын алды", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, Созақ ауданының тумасы ішкі істер саласында 2004 жылдан бері қызмет етіп келе жатыр. Ол елге алтын және күміспен оралған. Жастайынан спортпен шұғылданған полиция аға лейтенанты қол күресімен 2011 жылдан бері айналысып келеді. Жетістіктері де аз емес. Ол Қазақстан чемпионы, Азия чемпионы атақтарын иеленген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также