УЕФА Ұлттар лигасы жобасын мақұлдады

УЕФА Ұлттар лигасы жобасын мақұлдады Сурет: УЕФА-ның ресми сайтынан

Астанада өтіп жатқан Еуропа футбол одағының (УЕФА) XXXVIII-ші конгресінде барлық делегация мүшелері бірауыздан Ұлттар лигасы деп аталатын жобаны қабылдады, деп хабарлайды&nbspTengrinews.kz&nbspтілшісі.

Бұл Еуропа футбол одағы аясындағы Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Еуропа біріншілігінен кейінгі төртінші ірі жобасы. Ұлттық құрамалар қатысатын аталмыш турнир 2018 жылғы Ресейде өтетін әлем біріншілігінен кейін ұйымдастырылып, төрт жылда бір рет өткізіледі.&nbsp

Мұндай шешімді елордамыз Астанада өтіп жатқан УЕФА-ның кезекті конгресінде 54 елдің өкілдері бірауыздан қабылдаған. Сондай-ақ жиын барысында Еуропа футболындағы өзге де мәселелер қарастырылды. Атап айтар болсақ, Украина командаларының Ресей біріншілігіне қосылуы, УЕФА-ға мүше елдердің жылдық бюджеті,&nbspУЕФА Жарғысына өзгертулер енгізу мәселелері талқыланды.

Жарнама
Жарнама
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама