03 наурыз 2023 15:01

"UFC-де алғаш рет". Шавкат Рахмонов турнир алдында қазақ тілінде сөз сөйледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

"Спорт Шредингера" Telegram-арнасы өкілдері қазақстандық боксшы Шавкат Рахмоновтың Лас-Вегастағы UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилмен жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзіне назар аударды, - деп хабарлайды Tengri Sport.


"Спорт Шредингера" Telegram-арнасы өкілдері қазақстандық боксшы Шавкат Рахмоновтың Лас-Вегастағы UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилмен жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзіне назар аударды, - деп хабарлайды Tengri Sport.

"UFC-де алғаш рет қазақ тілінде сөз сөйленді. Шавкат Рахмонов - турнир алдында баспасөз мәслихатына қатысқан тұңғыш қазақстандық. Көрермендермен баспасөз мәслихатына тек негізгі кардадағы файтерлер қатысады", - делінген дереккөзде.

Баспасөз мәслихаты барысында Рахмонов бұған дейін барлық қарсыласын мерзімнен бұрын жеңгенін еске салды.

"Джефф Нилмен де солай істей аламын деп ойлайсыз ба, әлде бүкіл қашықтықты орындауға қарсысыз ба? Бұл қайта сіз үшін жақсы ғой", - деп сұрақ қойды журналист.

Қазақстандық спортшы оған ең алдымен жекпе-жекте жеңіске жету маңызды екенін айтты.

"Мен бірінші кезекте жеңіске жетуге тырысамын. Қалай болғаны маңызды емес. Жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтау мүмкіндігін көрсем, оны істеймін. Бірақ бастысы жеңіске жету", - деді Шавкат қазақ тілінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети