ПОДЕЛИТЬСЯ
13 сәуір 2021 | 13:26
UFC-де тағы бір қазақ өнер көрсетеді
Қытайлық файтер Сайран Нұрданбек (19-6) 22 мамырда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC турнирінде дебют жасайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қытайлық файтер Сайран Нұрданбек (19-6) 22 мамырда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC турнирінде дебют жасайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
26 жастағы жартылай жеңіл салмақтағы файтер UFC-мен сәуірдің басында келісімшарт жасасқан. Оның алғашқы қарсыласы аустралиялық Джошуа Кулибао (8-1-1) болады, ол UFC-де екі жекпе-жек өткізіп үлгерген.
Нұрданбек кәсіби карьерасын 2016 жылдың мамырында бастаған. Алғашқы төрт жекпе-жегінде жеңіске жеткен, бірақ содан кейін қатарынан екі рет жеңіліс тапты. Сайранның қоржынында тағы бірнеше қатарынан алған жеңіс бар.
Сайран үшін 2020 жыл өте белсенді болды. Ол алты жекпе-жек өткізді, коронавирусқа қарамастан барлығы Қытайда болған. Алты жекпе-жектің бесеуінде жеңіп, төртеуін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал біреуінде нокаутқа түскен.
Нұрданбек өткізген 25 жекпе-жектің 24-і Қытайда, біреуі шетелде, Моңғолияда болған.
Этникалық қазақ нокаутпен тоғыз рет, сабмишенмен бес және төрешілердің шешімімен тағы бес рет жеңген. Ал жеңілістерге келетін болсақ, төрт рет сабмишендермен және бір-бірден нокаутпен және төрешілер шешімімен жеңіліс тапқан.
Нұрданбек, Мma_f1ghters_kz ақпараты бойынша, Іле Қазақ автономиялық округінде, Күнес уезінде дүниеге келген.
Аустралиялық Кулибао да 26 жаста. 2020 жылдың ақпанында ол UFC-де 8-0 көрсеткішімен жеңілмеген файтер ретінде дебют жасаған. Бірақ алғашқы жекпе-жекте оны америкалық Джалин Тернер (10-5) нокаутқа түсірді. Былтыр қазанда Кулибао екінші жекпе-жегін канадалық Шарль Журденмен (11-3-1) өткізіп, тең түсті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также