ПОДЕЛИТЬСЯ
31 шілде 2019 | 09:33
UFC-де тұңғыш рет қазақстандық файтер өнер көрсетеді
Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC-мен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы оның менеджері Саят Әбдірахманов айтты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC-мен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы оның менеджері Саят Әбдірахманов айтты.
"Шавкат Рахмонов UFC-мен келісімшартқа отырды және ол тарихқа ең үздік ММА-ұйыммен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық ретінде енеді. Дебют қарашаға жоспарланған. Шавкат UFC-дегі алғашқы өкіліміз, бірақ ол соңғысы болмайтынына сенімдімін", - деп жазды Әбдірахманов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Sayat Abdrakhmanov (@sayatus) 30 Июл 2019 в 11:13 PDT
24 жастағы Рахмонов ММА-де 12 жекпе-жек өткізіп, бәрін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ол кәсіби дебютін 2014 жылы қарашада бастаған. Биыл наурызда жартылай орта салмақта M-1 Global чемпионы белбеуін иеленген еді, ал маусымда оны қорғап қалған болатын.
UFC-де қазақстандық файтер қыз да болуы мүмкін еді. Бірақ Мария Агапова Лас-Вегастағы Dana White's Tuesday Night Contender Series турнирінде америкалық Трэйси Кортеспен UFC келісімшартын сарапқа салып, төрешілер шешімімен жеңіліп қалған.
Показать комментарии
Читайте также