UFC-де тұңғыш рет қазақстандық файтер өнер көрсетеді

Шавкат Рахмонов. ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC-мен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы оның менеджері Саят Әбдірахманов айтты. 

Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC-мен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы оның менеджері Саят Әбдірахманов айтты. 

"Шавкат Рахмонов UFC-мен келісімшартқа отырды және ол тарихқа ең үздік ММА-ұйыммен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық ретінде енеді. Дебют қарашаға жоспарланған. Шавкат UFC-дегі алғашқы өкіліміз, бірақ ол соңғысы болмайтынына сенімдімін", - деп жазды Әбдірахманов.

Реклама
Реклама

24 жастағы Рахмонов ММА-де 12 жекпе-жек өткізіп, бәрін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ол кәсіби дебютін 2014 жылы қарашада бастаған. Биыл наурызда жартылай орта салмақта M-1 Global чемпионы белбеуін иеленген еді, ал маусымда оны қорғап қалған болатын. 

UFC-де қазақстандық файтер қыз да болуы мүмкін еді. Бірақ Мария Агапова Лас-Вегастағы Dana White's Tuesday Night Contender Series турнирінде америкалық Трэйси Кортеспен UFC келісімшартын сарапқа салып, төрешілер шешімімен жеңіліп қалған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама