23 қаңтар 2022 | 16:30

UFC-дің басты жекпе-жегі Нганнудың жеңісімен аяқталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Reuters

Ауыр салмақтан UFC чемпионы франциялық Фрэнсис Нганну отандасы, уақытша чемпион белдігінің иегері Сирил Ганды жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ауыр салмақтан UFC чемпионы франциялық Фрэнсис Нганну отандасы, уақытша чемпион белдігінің иегері Сирил Ганды жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Анахаймдағы (АҚШ) UFC 270 турнирінің басты жекпе-жегі Нганнудың жеңісімен аяқталды - 48-47, 48-47 және 49-46. Бұл оның - ММА-дағы 16-жеңісі.

Париждік екі файтер бұрын бірге дайындалған. Алаңның бұрышында оның бұрынғы жаттықтырушысы Фернан Лопес болды. Ол Нганнуды менмен, сыйламайды деп айыптаған еді.

Реклама
Реклама

Осы жекпе-жекке дейін 35 жастағы Нганну қатарынан бес рет жеңіске жетті. Ал 31 жастағы Ган чемпиондық жекпе-жектен бұрын ММА-да және UFC-дегі жеті жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Фрэнсис он айдан кейін оралып, бұл белдікті алғаш рет қорғады. Ал Ган кейінгі 11 айда төртінші жекпе-жегін өткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная