28 маусым 2022 | 15:23

UFC файтері Шавкат Рахмоновқа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

Жартылай орта салмақта UFC чемпионы титулына бұрынғы үміткер Стивен Томпсон Шавкат Рахмоновпен сегізбұрышты бөлісуге дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жартылай орта салмақта UFC чемпионы титулына бұрынғы үміткер Стивен Томпсон Шавкат Рахмоновпен сегізбұрышты бөлісуге дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл қызық болды. Соңғы жазбамның астына ол шыққан елдің бүкіл халқы хат жазды. Бұған дейін 18-ге жуық пікір жазылатын, бірақ сол жекпе-жектен кейін (Рахмонов пен Мэгни - еск.) олардың саны 300-ден асты. Онымен шығуды ұсынып, жалау эмодзи жіберді (Қазақстан туы - еск.). Барлық пікір ағылшын тілінде нашар жазылған", - деді Томпсон Youtube-арнасында.

Реклама
Реклама

Америкалық боксшы Шавкат Рахмонов Хорхе Масвидаль мен Ник Диасты да жекпе-жекке шақырғанын айтты.

"Менің ойымша, төртеуміз үш жекпе-жектен тұратын шағын турнир өткізсек болар еді. Рейтингте кім қалатынын көреміз - жеңілгендер шығады. Маған бұл идея ұнайды. UFC, ұйымдастырыңыздар! Менің ойымша, бұл өте керемет болады. Шағын турнир", - деп қосты ол.

Шавкат Рахмонов өткен демалыс күндері Нил Мэгниді жеңгеннен кейін UFC жартылай орта салмақтағы жаңартылған рейтингінің алғашқы ондығына енген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная