ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 29 қараша 2019 13:38
UFC-ге оралған МакГрегордың келесі қарсыласы мен жекпе-жек күні аталды
UFC-ге оралған МакГрегордың келесі қарсыласы мен жекпе-жек күні аталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Cпорт порталының мәліметінше, екі салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор келесі жекпе-жегін 18 қаңтарда өткізеді. Бұл туралы спорт шолушысы Бретт Окамото UFC басшысы Дана Уайтқа сілтеме жасап хабарлаған.
Ирландиялық жұлдыздың қарсыласы - америкалық Дональд Серроне. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек Лас-Вегастағы UFC 246 шоуында өтеді.
Еске салайық, МакГрегор 2018 жылдан бері - ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңілгелі октагонға шықпады. Ал Серроне мұның алдындағы екі жекпе-жегінде де жеңілген.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу