07 сәуір 2020 09:15

UFC Хабибтің орнына Фергюсонмен жекпе-жек өткізетін файтерді хабарлады

Фото Getty Images

UFC ұйымы ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің орнына америкалық Тони Фергюсонмен жекпе-жек өткізетін файтердің есімін ресми жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

UFC ұйымы ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің орнына америкалық Тони Фергюсонмен жекпе-жек өткізетін файтердің есімін ресми жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нурмагомедов пен Фергюсон жекпе-жегі UFC 249 турнирінің басты оқиғасы болуы керек еді, кездесу 18 сәуірде Бруклинде өтеді деп жоспарланған. Алайда 1 сәуірде ресейлік файтер коронавирусқа байланысты карантинде қалатынын айтқан, сондықтан Фергюсонға қарсы жекпе-жек өтпей қалды. Кейін Нурмагомедов Ресейден ұшып кете алса, жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеген. 

Реклама
Реклама

UFC басшысы Дана Уайт жексенбіде Хабибтің турнирге қатыспайтынын хабарлаған. 

Енді UFC-дің Instagram желісіндегі ресми парақшасында Фергюсонның қарсыласы ретінде 31 жастағы америкалық Джастин Гэтжи таныстырылды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram