ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 21 мамыр 2020 13:08
UFC келесі турнирді қайда өткізетіні белгілі болды
Әлемдегі ең атақты промоушен 30 мамырға белгіленген UFC Fight Night 172 турнирін өткізетін орын бойынша бір шешімге келді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлемдегі ең атақты промоушен 30 мамырға белгіленген UFC Fight Night 172 турнирін өткізетін орын бойынша бір шешімге келді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Дана Уайтқа сілтеме жасаған Las Vegas Review-Journal басылымының мәліметінше, бұл шоу ұйымның Лас-Вегастағы жеке UFC Apex аренасында өтеді.
Еске салайық, UFC екі аптада үш турнир өткізіп үлгерді: 9 мамырда UFC 249, 14 мамырда UFC Fight Night 171, ал 16 мамырда UFC Fight Night 172 шоуы өтті. Бұл жарыстың барлығы Джексонвилл қаласында болды.
30 мамырдағы турнирдің басты жекпе-жегінде бұрынғы чемпион Тайрон Вудли мен Гилберт Бернс жұдырықтасады деп жоспарланған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу