20 ақпан 2020 12:27

UFC-мен тағы бір қазақстандық файтер келісімшартқа отырды

Фото: instagram.com/arlan.mma.pro

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов әлемдегі ең танымал промоушен UFC-мен келісімшартқа отырды. Бұл туралы спортшының менеджері Саят Әбдірахманов мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов әлемдегі ең танымал промоушен UFC-мен келісімшартқа отырды. Бұл туралы спортшының менеджері Саят Әбдірахманов мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Жұмағұловтың еншісінде 13 жеңіс пен үш жеңіліс бар. Қазақстандық файтер соңғы жекпе-жегін 2019 жылы 19 қазанда Сочидегі Fight Nights Global 95 турнирі аясында өткізген. Сол кезде ресейлік Али Багаутиновты төрешілер шешімімен жеңген еді. 

Реклама
Реклама

Жалғас UFC-дегі екінші қазақстандық болып отыр. Бұған дейін промоушенмен Шавкат Рахмонов келісімшартқа отырған еді. Рахмоновтың дебюті 21 наурызда Лондонда болады деп жоспарланған. 

Сондай-ақ UFC-де Ресей атынан шығатын этникалық қазақ Дамир Исмағұлов өнер көрсетеді. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram