ПОДЕЛИТЬСЯ
20 шілде 2020 | 14:02
UFC президенті Жамбыл облысында туған файтерді мақтады
UFC президенті Дана Уайт Қазақстанда туған, қазір Қырғызстанда тұратын Рафаэль Физиев пен ұлыбританиялық Марк Диакиси арасындағы кездесуге қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
UFC президенті Дана Уайт Қазақстанда туған, қазір Қырғызстанда тұратын Рафаэль Физиев пен ұлыбританиялық Марк Диакиси арасындағы кездесуге қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл екі файтер арасындағы жекпе-жек 19 шілдеде Абу-Даби қаласында UFC Fight Night 172 турнирінде өтіп, Физиев жеңіске жеткен болатын. Екеуі де жақсы жекпе-жек өткізгені үшін қосымша 50 мың доллар сыйақы алды.
"Жекпе-жек керемет болды. Екі спортшы да шоу көрсетті. Екеуіне де құрмет білдіремін. Аяғымен жасаған соққы ауыр болды. Мұндай қатты дауысты мен өмірімде ешқандай кездесуде көрген емеспін. Физиев мықты кездесу өткізді", - деді Уайт ESPN арнасына берген сұқбатында.
Айта кетейік, 27 жастағы Физиев Диакисиді төрешілердің шешімі бойынша жеңген. Бұл оның - UFC-дегі екінші жеңісі. Қырғызстандық спортшы UFC-де 2019 жылы бірінші кездесуін өткізіп, ресейлік Магомед Мустафаевтен жеңіліп қалған еді. Ал былтыр қазанда америкалық Алекс Уайттан айласын асырған болатын.
Жамбыл облысының Қордай ауданында дүниеге келген Физиев үшін бұл аралас жекпе-жектегі сегізінші жеңісі еді. Диакиси болса төртінші рет жеңілді. Ол 14 рет жеңіске жеткен.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также